Ертерек заманда өзі жомарт, мейірімді бір бай кісі өмір сүріпті. Байдың жақсылығын туған- туысы, көрші- қолаңы ғана емес, өткен- кеткен жолаушылар да көп көреді екен. Бірақ, жұртқа қайырымдылық жасаған сайын, байдың дəулеті арта түседі. Біреуге қой берсе, қорасындағы қойы егіз туады. Байлығы жұтамақ түгілі арта түседі екен. Байекең бір күні сапарлап жолға шығады. Қас қарайып келе жатса керек. Ат үстіндегі байекең қоржынынан нан алып жейді. Сол кезде нанның бір үзігі жерге түсіп кетеді. Құмдауыт жер екен. Байекең аттан түсе салып, жерден нан үзімін іздей бастайды. Қанша қараса да таба алмайды. Қараңғы түсіп кеткесін сол жерге белгі қойып кетеді. Ертеңіне келіп нан үзігін жарықта қарап тауып алмақшы болады. Ертеңіне келіп қараса, белгі қойылған жерде ат басындай алтын жатыр екен. Байекең:
—-"Жасаған Алла, мен онсызда баймын. Бұл алтынға мұқтаж емеспін. Неге маған бердіңіз",- деген екен.
Сонда:
—"Сен қанша бай болсаңда ысырапшыл емессің. Сараң емессің. Бір үзім нанның қиқымын обалсынып қайта келіп отырсың. Нан қиқымын құмырсқа илеуіне əкетті. Ол құмырсқа үшін бір жылдық азық. Ал бұл сенің пейіліңе берген алғысым",- деген екен Жасаған.
_________
Қазіргі кезде нанның қиқымы түгіл, қоқысқа барсаң үйіліп, шашылып жатқанын көресің.
"Ас атасы — Нан" деймізде сонша ысырапшылдыққа жол береміз. Сосын неге мынандай болды, неге менің ақшам жоқ деп жүргеніміз. Барлығының сұрауы барын ұмытпайықшы. Обалы, сұрауы барын білейік.
Мынаны окы!Бiр кунi Пайгамбарымыз Мухаммед(с.а.с) сахабаларына былай дейдi.Менiн "Умбетiме" бiр заман келедi. Сонда олар 5 нарсенi жаксы корiп, 5 нарсенi умытады.1) дуниенi жаксы корiп, акыреттi умытады.2) омiрдi жаксы корiп, олiмдi умытады3) заулiм сарайларды жаксы корiп, кабiрдi умытады4) мал мулiктi жаксы корiп, ол ушiн берiлетiн есептi умытады5) жаратылысты жаксы корiп, жаратушыны умытады.Бул адамдар шыныменде бей хабарсыз. Бул ахихат. Бiз шыныменде олемiз, кабiрге барамыз, онда перiштелер сурактар кояды.